ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Астананың төңірегінде азық-түлік белдеуін құру аясында 2,7 млрд теңгенің 47 жобасын қаржыландырды
Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Астананың төңірегінде азық-түлік белдеуін құру аясында 2,7 млрд теңгенің 47 жобасын қаржыландырды. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкіметтік сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Биылғы жылдың басында мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында біздің алдымызға Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құру мақсатын қойғанын баршаңыз білесіз", -деді А. Күрішбаев.
"Осы міндетті жүзеге асыру мақсатымен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің даму институттары Астананың азық-түлік белдеуіне кіретін Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері келтірген 139 бизнес-жобаны қарады, соның ішінде бүгінгі жағдаймен 2,7 млрд теңгенің 47 жобасы қаржыландырылды", - деді ол.
"Бұл бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде Астананың айналасындағы 300 шақырымдық аймақта өндірілген азық-түлік өнімдерінің үлес салмағы бүгінгі 29% орнына 58% кем түспейді деп күтілуде", - деді министр.
Оның айтуынша, "жуырда үкіметтің тапсырмасымен осындай жұмыстар Алматы маңында да басталды". "Одан әрі Астана мен Алматының тәжірибесіне сүйеніп, осындай азық-түлік белдеулерін барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда да құру көзделуде", - деді А. Күрішбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін