ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ТМД елдерінің ауылшаруашылығы министрлерімен бірлесе отырып азық-түліктің қауіпсіздігі бойынша жұмыс тобын құруы қажет - премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ТМД елдерінің ауылшаруашылығы министрлерімен бірлесе отырып азық-түліктің қауіпсіздігі бойынша жұмыс тобын құруы қажет  - премьер-министр

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ТМД елдерінің ауылшаруашылығы министрлерімен бірлесе отырып азық-түліктің қауіпсіздігі бойынша жұмыс тобын құруы қажет - премьер-министр

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне ТМД елдерінің ауылшаруашылығы министрлерімен бірлесе отырып азық-түліктің қауіпсіздігі бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Қараша 2007
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Мен, Ахметжан Смағұлұлы сізге, өз әріптестеріңізбен бірлесе отырып, ТМД елдерінің ауылшаруашылығы министрлерімен бірлесе жұмыс тобын құру мәселесін дәйектеуді тапсырамын «, — деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов үкіметте өткен отырыстың барысында.

«Өткен аптада ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті. Онда Қазақстанның азық-түліктің қауіпсіздігі жөніндегі мәселелерді кешенді қарастыру жөніндегі бастамасы қолдау тауып, ауылшаруашылығы министрлігінің деңгейінде жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданды. Бұл мәселе үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында талқыланатын болады. Уағдаластық бойынша ұсыныстарды Қазақстан тарапы дәйектеуге тиіс», — деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министр «Қазақстанда қазір болып жатқан және республика үкіметі шешіп жатқан мәселелер үлкен қызығушылық тудырып отыр», деп қосты. «Біздің тәжірибеміз басқаларды қызықтырады», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті