ҚР Білім және ғылым министрлігі "Ғылым туралы" жаңа заң әзірлемек - Түймебаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Білім және ғылым министрлігі "Ғылым туралы" жаңа заң әзірлемек - Түймебаев

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Ғылым туралы" жаңа заң әзірлемек - Түймебаев

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Білім және ғылым министрлігі "Ғылым туралы" жаңа заң әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақордада ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуде білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 1212
Фото - Caravan.kz

«Әлемдік банкпен бірлесе отырып, «Технологияларды коммерциялау» жобасы басталды. Бұл жобаның арқасында ғылымның өндіріспен байланысы күшейіп, қазақстандық ғалымдардың еңбектері шетелдік деңгейге шығатын болады. Сонымен қатар, ғылыми бағдарламаларға бірыңғай әкімшілікті бекітетін, рейтинг бойынша жалақысына коэффициент қосу арқылы ғылыми қызметкердің мәртебесін көтеретін «Ғылым туралы» жаңа Заң әзірленеді. Жеке сектор ғылымды қаржыландыруға салықтық жеңілдіктер енгізу арқылы тартылатын болады», — деп хабарлады Ж. Түймебаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті