ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарына арнап 3357 орынды 9 жаңа жатақхана салуды жоспарлауда
Алматы. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарына арнап 3357 орынды 9 жаңа жатақхана салуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Алматыда өткен кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Жансейіт Түймебаевтың мәліметінше, қазір республикада 43 мемлекеттік және 28 жеке меншік жоғары оқу орындарының жатақханалары бар. Алайда, оның айтуынша, тексеру барысында анықталған деректерге сәйкес, "жатақханаларда ЖОО жетекшілерінің туыс-туғандары тұратын немесе асқан озбырлықпен бөтен адамдарға жалға берілетіндігі белгілі болды. Өткен жылдарда 20 астам жатақхана жекешелендірілген".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін