«Оң тізгінді көліктерді әкелуге тыйым салынғаннан кейін еліміздің жалпы автопаркіндегі мұндай көліктердің үлесі азайды… Үстіміздегі жылдың аяғына дейін бұл үлес 7-ден 6 пайызға дейін азаюы мүмкін деген болжам жасап отырмыз»,- деді Ө. Түсімов.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері Қазақстандағы көлік саны 80 пайызға, немесе 156 218 бірлікке артқан. «1-шілдедегі жағдаймен еліміздің автопаркі 2 млн 346 мың 618 көлікті құрап отыр»,- деп нақтылап өтті комитет төрағасы. Оның ақпараттары бойынша, бүгінгі күнде Қазақстанға 163 398 оң тізгінді көлік әкелінген.
Нәтижесінде, Ө. Түсімовтың айтуынша, республика халқының көлікке иелік ету деңгейі 1000 адамға шаққанда 142-ден 154 көлікке дейін өскен. «Алматы және Астана сияқты қалаларда бұл көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда 300 бірлікке жетіп отыр, бұл дүниежүзінің орташа дамыған елдерінің деңгейіне сай»,- деп атап көрсетті Жол полициясы департаментінің басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті