Жарияланды: 740

ҚР ІІМ-нің орынбасары Курбатов Семей полициясының жұмысымен танысты

ҚР ІІМ-нің орынбасары Николай Курбатов Семей ішкі істер басқармасының жұмысымен танысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, министрдің орынбасары полиция бөлімдері мен учаскелік бөлімшелердің жұмысына баса назар аударды. Ол сондай-ақ, Семей ІІБ қызметкерлер құрамы өкілдерімен кездесті. Кездесуде ҚР құқық қорғау жүйесіндегі жаңалықтар мен жаңартулар туралы талқыланды. ҚР ІІМ-нің орынбасары Семейдегі күш құрылымдары қызметкерлеріне арнап әскери киім тігетін "Мирас" ЖШС-ін аралады. Бүгін, 5-наурызда Н.Курбатов Өскеменге жүріп кетті. Онда ол Шығыс Қазақстан облыстық құқық қорғау мекемелерінің 2003-жылғы жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін