ҚР Мемлекеттік хатшысы облыс әкімдеріне полиция жұмысын жақсартуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мемлекеттік хатшысы облыс әкімдеріне полиция жұмысын жақсартуды тапсырды

ҚР Мемлекеттік хатшысы облыс әкімдеріне полиция жұмысын жақсартуды тапсырды

ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы міндетін уақытша атқарушы Ә.Жақсыбеков

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 379
Фото - Caravan.kz

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен бейне-селекторлық кеңес өткізді, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Іс-шараға сондай-ақ Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қатысты.

Кеңес барысында ішкі істер органдары аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу мәселелері талқыланды.

Кеңесте Ә.Жақсыбеков қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің айрықша рөлін атап өтті, сондай-ақ аумақтық полиция бөлімшілерінің жұмысын сапалық тұрғыдан жақсартуға бағытталған тапсырмалар берді.