ҚР парламенті сенатының сегіз депутатына төс белгілері мен тиісті куәліктер берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті сенатының сегіз депутатына төс белгілері мен тиісті куәліктер берілді

ҚР парламенті сенатының сегіз депутатына төс белгілері мен тиісті куәліктер берілді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АСТАНА. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандык Тұрғанқұлов ҚР парламенті сенатының сегіз депутатына төс белгілері мен тиісті куәліктерін табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Тамыз 2007
  • 549
Фото - Caravan.kz

«ҚР парламенті сенатының тіркелген депутаттарына белгіленген үлгідегі куәліктер мен төс белгілерін табыс етуді ұсынамын», — деді Қ. Тұрғанқұлов.

Осы орайда еске сала кетсек, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан парламенті сенатының сегіз депутатын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Оралбай Әбдікәрімов, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Болат Жылқышиев, Ғани Қасымов, Төлеген Мұхамеджанов, Александр Судьин, Юрий Цхай секілді сегіз адам сенат депутаты болып тағайындалды.