ҚР Парламенті жерді сатуды және жалға беруді тоқтататын заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Парламенті жерді сатуды және жалға беруді тоқтататын заңды қабылдады

ҚР Парламенті жерді сатуды және жалға беруді тоқтататын заңды қабылдады

 

  • 23 Маусым 2016
  • 402
Фото - Caravan.kz

Парламент Сенаты "ҚР Жер кодексінің кейбір нормаларының жұмысын тоқтату туралы және ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заң жобасын жасауға Президенттің 2016 жылдың 6 мамырындағы "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Жарлық себеп болды. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, мораторий жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген. Нақтырақ айтқанда, ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның нормаларын қолдануға мораторий жарияланды.

Нақтылап айтқанда, бұл ҚР 2015 жылдың 2 қарашасындағы "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының нормаларын жүзеге асыру;


Екіншісі, шетелдіктерге ұсыну, азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар жарғылық капиталында 50 пайыздан аса үлесі шетелдіктердің меншігіндегі заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылық жер учаскелерін жалға алу шартымен ұсыну;

Үшінші норма — мемлекеттің меншігіндегі ауылшаруашылығындағы жер учаскелерін жеке меншік құқығына беру.

Заң екі оқылымда қабылданды.
 

Соңғы жаңалықтар