ҚР премьері Кәрім Мәсімов 9-12 наурызда АҚШ-қа барады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьері Кәрім Мәсімов 9-12 наурызда АҚШ-қа барады

ҚР премьері Кәрім Мәсімов 9-12 наурызда АҚШ-қа барады

Астана. 4-наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 9-12 наурызы күндері ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Америка Құрама Штаттарына барады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Наурыз 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгендей, К. Мәсімов Вашингтонға сапары барысында вице-президент Ричард Чейнимен, мемлекеттік хатшы Кондолиза Райспен, сауда министрі Карлос Гутиерреспен, энергетика министрі Самуэль Бодманмен, АҚШ-тың сауда өкілі Сюзан Швабпен, Конгресс мүшелерімен, сондай-ақ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор басшылығымен, ірі компаниялардың басшыларымен және АҚШ-тың белгілі қоғам қайраткерлерімен келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.

«Қазақстан премьері «Мемлекет пен жеке сектор серіктестігі» атты екі жақты қазақ-америка бастамасының ресми ашылуына қатысады. Бұл бастама экономиканың шикізаттық емес саласына, атап айтқанда, Қазақстандағы мемлекеттік маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларына АҚШ инвестициясының, технологиясының және басқару стандарттарының ауқымды ағымын көздейді», — деп көрсетілген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Үкімет басшысымен бірге АҚШ-қа бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, даму институттарының өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан бизнесмендерінің делегациясы барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті