ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматыға жұмыс сапарымен келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматыға жұмыс сапарымен келді

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматыға жұмыс сапарымен келді

Бүгін Алматыға жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов келді. Алматы халықаралық әуежайында Үкімет басшысын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, басқа да жоғары қызметтегі тұлғалар қарсы алды.

  • 15 Тамыз 2016
  • 326
Фото - Caravan.kz

Ең алдымен Кәрім Қажымқанұлы Алматы халықаралық әуежайының ұшу алаңы маңында орнатылған арнайы стендті тамашалады. Мұнда сөз алған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румиль Тауфиков Үкімет басшысын оңтүстік астанадағы әуежай, теміржол вокзалдары және автобекеттердің қауіпсіздігі бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Бұдан кейін Кәрім Мәсімов Алматы қаласының Медеу ауданында  орналасқан «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына жүріп кетті.

Айта кетелік, бүгін Үкімет басшысы Алматыда бірқатар нысандарды аралайды.

Олардың ішінде Алматы облысы, Талғар ауданының Арқабай ауылында орналасқан «Байсерке Агро» ЖШС барып, осы агроөнеркәсіптік кешеннің жұмысымен танысады. Одан кейін, Наурызбай ауданына барып, Қарағайлы өзенінің арнасын нығайту, 2015 жылы орын алған селдің салдарын жою жұмыстарымен танысып, құрылысшылармен және мердігерлермен әңгімелеседі. Одан әрі, Алатау ауданында орналасқан «Саялы» ықшам ауданына келіп, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 65 көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көреді. Мұнда 10 жас отбасыға пәтер кілті табыс етіледі. Бұдан кейін, Кәрім Мәсімов Алатау ауданының Шаңырақ шағын ауданына барып, Қарағайлы өзенінің арнасын нығайту жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындармен сөйлеседі. Түстен кейін Үкімет басшысы 12 мың орынды Мұз сарайы мен 5 мың орынды Атлетикалық  қалашыққа барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысады. Бұдан соң, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Үкімет басшысының, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының мамандары және ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарының қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету бойынша шағын жиын болады. Бүгін жұмыс сапары барысында Кәрім Мәсімов белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы ғалым, ақын Ахмет Байтұрсынұлының мұражайында болып, осы мекеменің жұмысымен танысады. Бұдан кейін, кешке қарай, Алматы қаласы әкімдігінде Үкімет басшысы оңтүстік астананың бас жоспарымен танысады және кәсіпкерлікті дамыту және банк қызметі тақырыбында өтетін отырыстарға қатысады.

null
 

Соңғы жаңалықтар