Жарияланды: 360

ҚР Премьер-Министрі Назарбаев Университетінің бірқатар нысандарын аралап көрді

Сенбі күні, 27 қазанда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Назарбаев Университетінде болып, оқу орнының бірқатар нысандарын аралап көрді.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы ғылым және технологиялар, инженерия, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектептерінің, қазақ тілі кафедрасының жұмыстарымен танысты, зертханалар мен заманауи кітапхананы аралап көрді, деп хабарлады ҚР Премьерінің баспасөз қызметі. Назарбаев Университеті - Астанада Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылған жоғары оқу орны. Халықаралық деңгейдегі университет дербестік және академиялық еркіндік принципімен жұмыс істейді. Жоғары оқу орнының барлық академиялық және ғылыми-зерттеу бағдарламалары әлемнің үздік отыз жоғары оқу орындарына кіретін университеттермен және халықаралық ғылыми ұйымдармен ресми әріптестікте жүзеге асырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін