«Өңдеу саласындағы кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын төмендету қажет, оның төлеу тәртібін жетілдіріліп, шығын мерзімдерін үш жылдан бес жылға дейін созып, қайта қарау керек «, -деді К. Мәсімов.
Премьер-министрдің пікірінше, ҚҚС төлеу тәртібін жетілдіруі керек. «Соның ішінде нольдік ставкасы қойылған экспорттық тауардың айналымын қарастыру тәртібін жетілдіру керек «, -деп атап өтті ол.
К. Мәсімов атап өткеніндей, «есеп шот фактурасын дұрыс тапсырмайтын жеткізушілердің жауапкершілігін күшейту керек».
«Сондай-ақ, мен экономика министріне және қаржы министріне сату салығына өтудің қажеттілігі бар ма жоқ па, осы мәселені жіті қарастыруды тапсырамын «, — деді К. Мәсімов. «Біздерге нақты тұра айту керек: біз бұған көшуге дайынбыз ба, әлде дайын емеспіз бе. Егер дайын болсақ, бұған қатысты түрлі кереғарлықтар болмау үшін, оған қай уақыттан бастап көшуге болатынын айту керек», — деп қорытындылада премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті