ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Францияға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Францияға аттанды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Францияға аттанды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Франция Республикасына аттанды, деп хабарлады Үкімет бвасшысының баспасөз қызметі.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 288
Фото - Caravan.kz

Парижде қазақстандық Үкімет басшысының Франция Премьер-Министрі Жан-Марк Эйромен кездесуі жоспарланған.

С.Ахметов Көрмелердің халықаралық бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен, ЭЫДҰ Бас хатшысы Хосе Анхель Гурриамен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің үлкен ауқымы, француз тарапының қазақстандық экономиканы жетілдіруге қатысуы талқыланады.


Бұдан өзге, ҚР Үкіметі басшысы Францияның іскер топтарының өкілдерімен кездеседі.