ҚР президенті агроөнеркәсіп кешендері мен ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңға енгізілетін толықтыруларға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті агроөнеркәсіп кешендері мен ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңға енгізілетін толықтыруларға  қол қойды

ҚР президенті агроөнеркәсіп кешендері мен ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңға енгізілетін толықтыруларға қол қойды

АСТАНА. 27 наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тарапынан ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсету барысында қолға алынған шараларды жақсартуға бағытталған "Қазақстан Республикасының аргоөнеркәсіп кешендері мен ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу жөніндегі заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заңына қол қойды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 28 Наурыз 2007
  • 656
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін хабарланғандай, заңның мақсаты бәсекелестікті арттыруға , агроөнеркәсіп кешенінің нәтижелі болуына , мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың дұрыс бағытталуына , сонымен қатар атқарушы билік арасындағы құзыретті айқындауға жағдай жасау.

Сондай-ақ , құжатта агроөнеркәсіп саласындағы несие беру жүйесін өзгерту қарастырылған.Депутаттар несие беру бағыттарының барлығын бірлестіріп, бұл қаражатты маңызды дәнді-дақылдарға, яғни бір гектар егістік жер деп есептеп бөлуді ұсынды.

Заң авторларының пікірінше, мұндай шара өндіріс көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға, мемлекеттік қолдаудың дұрыс бағытталуын және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бәріне несие беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті