«Мен тағыда бәріңізге айтамын: қорқудың қажеті жоқ. Егер заңдастырылмаған, тіркелмеген, заңсыз алынған мүлік болса, барып заңдастыру қажет. Меніңше , осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек, себебі бұл соңғы акция. Бұдан кейін болмайды»,-деп мәлімдеді президент.
«Кім осы мүмкіндікті пайдаланып қалмаса-ренжімесін. Біз барлық , әсіресе ірі компанияларды жіті тексереміз», -деп ескертті ол.
Елбасы атап өткендей, жүргізіліп жатқан акцияда «ауыл тұрғындары ұтты», мемлекет олардан салық алып жатқан жоқ.
«Заңдастырудың арқасында мыңдаған адамдар қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен, салықтан босатылады»,-деп атап өтті президент.
«Мен жеке өзім кепілдік бергенмін, адамдар қорықпай баруы тиіс»,-деді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, заңдастыру бойынша «акцияны өткізу мерзімін ұзартуға қол қоюын қатты сұрағандарын » айтты.
«Мен ұзартқым келген жоқ. Бірақ ақпан -наурыз айында 100-150 мың адам келді. Рәсімдеп үлгермей жатты. Адамдар бір -біріне қарап, осы іспен айналысу керек екенін енді түсінгендей. Сосын мен ұзарттым. Енді ешқандай ұзарту болмайды»,-деп атап өтті Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, президент «осы аралықта 140 млрд. теңгеге немес 1,2 млрд. долларға мүлік, 35 млрд теңгеге-жылжымалы мүлік, 600 млн долларға ақша заңдастырылғанын» атап өтті. «Жалпы 247 млрд теңге заңдастырылған, яғни 2001 жылмен салыстырғанда 4 есе көп», деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті