ҚР президенті мен ҚХР төрағасы Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы біріккен декларацияға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті мен ҚХР төрағасы Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы біріккен декларацияға қол қойды

ҚР президенті мен ҚХР төрағасы Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы біріккен декларацияға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао бүгін, 3-маусымда Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы біріккен декларацияға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2003
  • 617
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, ҚХР лидерінің мемлекеттік сапары барысында білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында ҚХР үкіметінен 20 млн. юань көлемінде қайтарымсыз көмек беру туралы Келісімге де қол қойылды.

Екі жақты құжаттарға қол қою салтанатынан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев : «Қазақстан тәуелсіздігін әуел бастан қолдап келген ҚХР осы мерзімде елімізден қайырымдылық және басқа да көмек түрлерінен ешқашан қол тартқан емес»,- деп мәлімдеді. Елбасы сол үшін Қытай басшысына ізгі ниетпен ризашылық білдірді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы ҚР мен Қытай арасындағы алдағы 5 жылдық ынтымақтастық жөніндегі бүгін қол қойылған Келісімді жоғары бағалады.
Нұрстұлтан Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланыс осы аймақтағы бейбітшілік пен ынтымақтастыққа әсер ететін басты факторлардың бірі болып табылады.
Бүгін қол қойған құжаттар екі мемлекет арасындағы сауда-саттық деңгейін жоғары сатыға көтеретініне сенім білдірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен жүргізілген екі жақты келіссөздер барысында өзара сауда-саттық ауқымын кеңейту мәселесі сөз болғанын хабарлады.
Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 2-5 миллиард долларды құрайды екен.
Сонымен бірге бұдан басқа да бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды . Атап айтсақ, ҚР мен ҚХР бірлескен Декларациясына, 2003-2008 жылдарға арналған Қазақстан-Қытай өзара ынтымақтастық бағдарламасына, және өзара достық, ынтымақтастық, бейбіт тату көршілік туралы Келісімді бекіту жөніндегі куәлікті алмасу туралы Хаттамаға, ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚХР ағарту министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
Терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ҚР және ҚХР үкіметтері арасындағы келісімді күшіне енгізу туралы мемлекетаралық процедураларды аяқтау жөніндегі ҚР СІМ-нің нотасы мен келісімді ҚХР тарпынан бекіту туралы куәлікпен алмасу жөніндегі Хаттамаға да бүгін қол қойылды. Бірқатар құжаттарға ҚР-ның мемлекеттік хатшысы әрі сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен ҚХР делегациясының өкілдері қол қойды.
ҚХР төрағасының мемлекеттік ресми сапары одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар