ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының құрамы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының құрамы өзгерді

ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының құрамы өзгерді

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының 28-ші кеңесі барысында

  • 4 Маусым 2015
  • 505
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес құрамының жаңа мүшелерімен таныстырды.

«Құрметті достар, дәстүрге сай кеңес құрамы әр отырыс барысында жаңарып отырады. Ағымдағы жылы да жаңа мүшелермен толығады. Мен оларды сіздерге таныстырғым келеді. Олар осында отырған Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі бас атқарушы директоры Джеймс Коулз мырза, Baker and McKenzie фирмасының атқарушы комитетінің мүшесі, бас директорының орынбасары Эрик Шир, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Панкин, EY клиенттермен өзара байланыс жөніндегі жаһандық басқарушы серіктесі Кармайна Ди Сибио, BG Group's  өндіріс жөніндегі бас басқарушы директоры Сами Искандер. Барлықтарыңыздың жұмыстарыңызға табыс тілеймін», — деді Елбасы.