ҚР Президенті жаһандық валюта архитектурасының ескіргенін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті жаһандық валюта архитектурасының ескіргенін атап өтті

ҚР Президенті жаһандық валюта архитектурасының ескіргенін атап өтті

Елбасы қаржы жүйесіндегі ағымдағы қиындықтардың себептері тұрғысында жаһандық валюта архитектурасының ескіргенін атап өтті.

  • 27 Мамыр 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті.

Мемлекет басшысы әлемдік резервтік валютаның бір эмитентке ғана тәуелділігі өзге мемлекеттер үшін қатерлі екеніне тоқталды. Қазіргі кезде Латын Америкасы, араб әлемі өздерінің өңірлік валютасын енгізу жөнінде айтуда, бұдан доллардың ықпалын азайтуға ұмтылыс аңғарылып отыр. Сонымен бірге бүгінгі таңда доллар әлі де қолданыстағы негізгі әлемдік валюта, ал АҚШ әлемдегі экономикасы ірі ел болып саналады.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы сияқты халықаралық басқосулар әлемдік институттар мен халықаралық ұйымдардың қаржы мәселелері бойынша ортақ тіл табуы үшін жағдай жасайтынын атап өтті.


Нұрсұлтан Назарбаев елде жүзеге асырылатын маңызды жоба — «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне, оның базасында «Астана» қаржы орталығы құрылатынына назар аударды. Жаңа орталықтың қатысушылары үшін ағылшын тілін қолданатын британдық құқық қағидаттарына негізделген сот жүйесін қамтитын ерекше жағдайлар жасалатын болады.