ҚР қаржы министрлігі 3-5 жыл аралығында жеке тұлғалардан мүлік салығын алмау тәртібін енгізуді ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрлігі 3-5 жыл аралығында жеке тұлғалардан  мүлік салығын алмау тәртібін енгізуді ұсынып отыр

ҚР қаржы министрлігі 3-5 жыл аралығында жеке тұлғалардан мүлік салығын алмау тәртібін енгізуді ұсынып отыр

ҚР қаржы министрлігі 3-5 жыл аралығында жеке тұлғалардан мүлік салығын алмау тәртібін енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін, 11-ақпанда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен Астанада өткен қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР қаржы министрі Ерболат Досаев хабарлады,- дейді KZ-today тілшісі.

  • 11 Ақпан 2004
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Ауылдық аумақтарды экономикалық дамытуға ықпал ету және жеке тұлғалардың көлеңкелі секторда жасырылған қозғалыссыз мүлкін жариялы болдыру мақсаттарына сәйкес біз үкіметке жеке тұлғалардың мүлік салығына нольдік ставка белгілеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз»,- деді Е.Досаев.

Министрліктің есебіне сәйкес, жеке тұлғалардың мүлік салығын алып тастау салдарынан бюджет шегетін шығын көлемі 1,5 млрд. теңгеден асады. «Бұл қаржы салық әкімшілігін нығайту есебінен және басқа да салық түрлерінің есебінен толықтырылады»,- деді министр.
Сондай-ақ, Е.Досаевтың айтуынша, еліміздің қаржылық секторын дамыту тұжырымдамасына және халықтың ақшалай жинақтарын инвестицияның ұжымдық түрлеріне тарту тетіктерін жетілдіру талабына сәйкес, қаржы министрлігі сондай-ақ, бағалы қағаздарға иелік ететін жеке тұлғаларға дивиденд төлеу кезінде төлем көзінен ұстап қалатын жеке кіріс салығынан босату туралы да ұсыныс енгізіп отыр.