Жарияланды: 730

ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Корпоративтік этика кодексіне сай отставкаға кетті

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов Корпоративтік этика кодексіне сай өз еркімен отставкаға кетті. Бұл туралы оол Қазақстан Бүгін тілшісіне телефон арқылы хабарлады.

"Қаржы министрлігінде 2006 жылдың сәуір айында корпоративтік кодекс қабылданған, онда салық органының жетекшісі тағайындаған қол астындағы әлдекім пара алғандығы үшін ұсталса, онда оны осы қызметке тағайындаған басшы мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тапсырмасын орындамаған адам ретінде отставкаға кетуге тиіс деген норма бар", - деді Н. Рахметов. "Бірінші болып бұл міндеттемені мен өзіме жүктеп алдым және одан кейін салық комитетінің барлық басшылары жариялы түрде осындай міндеттеме жүктеген", - деді ол. "Екі жарым жылда салық органдарының түрлі деңгейдегі 11 басшысы өз қоластындағы адамдардың пара алғаны үшін өз еріктерімен отставкаға кетті. Ал осы жылдың тамыз айында Алматы салық депаратменті төрағасының орынбасары Нұрғалиевтің пара алғандығы мәлім болған кезде мен өз еркіммен отсттавкаға кету жөнінде өтініш жаздым, өйткені, оны осы қызметке мен тағайындадым. Сөйтіп менің өтінішім қанағаттандырылды. Мен басқаша істей алмаймын, менің әріптестерім мені түсіне алмас еді", -деді Н. Рахметов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть