ҚР қаржы министрлігі тарапынан Agip KCO компаниясына салық тексерулері жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрлігі тарапынан  Agip KCO компаниясына салық тексерулері жүріп жатыр

ҚР қаржы министрлігі тарапынан Agip KCO компаниясына салық тексерулері жүріп жатыр

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР қаржы министрлігі Agip KCO компаниясының қызметін салық тексеруінен өткізіп жатыр. Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген ҚР қаржы министрінің орынбасары Дәулет Ерғожин хабарлады.

  • 26 Қараша 2007
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні бүкіл консорциумның еншіліс Agip KCO компаниясының тексерулері аяқталуда «, — деді Д. Ерғожин.

Ол : «тексеру жуырда аяқталып, есеп-қисап қорытындылары жарияланады. Салық құпиясы болғандықтан, нақты ақпаратты айта алмаймын»,- деді.

Д. Ерғожин атап өткеніндей, оларға қатысты «айтатын датымыз бар». » Қаржы мөлшерін айта алмаймын, бірақ жыл соңына дейін тексерулер аяқталып, ҚР заңы бойынша, тиісті құжаттар компанияға жіберіледі.

«Жуырда біздің жіберген сұрақтарымызға жауап аламыз деп ойлаймын. Бір апта актіні құрастыруға кетеді, кейін оны компанияға беруге дайын боламыз», — деді қаржы министрлігінің өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті