ҚР Қорғаныс министрлігінің шығындары 2009 - 2011 жылдары Жалпы ішкі өнімнің 1% асады - Сұлтанов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрлігінің шығындары 2009 - 2011 жылдары Жалпы ішкі өнімнің 1% асады - Сұлтанов

ҚР Қорғаныс министрлігінің шығындары 2009 - 2011 жылдары Жалпы ішкі өнімнің 1% асады - Сұлтанов

Алматы. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қорғаныс министрлігінің шығындары 2009 - 2011 жылдары Жалпы ішкі өнімнің 1% асады. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 602
Фото - Caravan.kz

«Президенттің жарлығымен 2007 жылдың 21 наурызында бекітілген әскери доктринаға сәйкес, ҚР Қорғаныс министрлігінің шығындары 2009 — 2011 жылдары Жалпы ішкі өнімнің 1% кем түспейді деп айқындалған», — деді Б. Сұлтанов.

Жалпы алғанда 2009 — 2011 жылдары ол 629,5 млрд теңгені құрауға тиіс.

«Соның ішінде 2009 жылғы шығындар 179,7 млрд теңге, 2010 жылы — 208,5 млрд теңге, 2011 жылы — 241,3 млрд теңге болмақ», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар