ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Киото хаттамасының орындалуынан мүдделі
Алматы. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Киото хаттамасының орындалуынан мүдделі. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы Төлебай Әділов "Қазақстан Республикасына БҰҰ-ның күн райының өзгерісі жөніндегі негіздемелік конвенциясы бойынша екінші ұлттық хабарламаны дайындауға қолдау көрсету" атты жобаның аясындағы семинар барысында айтты, деп |
хабарлайды агенттік тілшісі.
Оның айтуынша, "қоршаған ортаны қорғау мекемесі осы жобаның орындалуынан мүдделі, және оның нәтижесі парник газдарын шығару, күн райының өзгерісіне бейімделуді жеңілдету шаралары бойынша түпкілікті міндеттемелер жөнінде саяси шешімдер қабылдау үшін қажет".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін