ҚР салық кодексіне мұнай экспортына ренталық салық салу жөнінде өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы Мәжіліске ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР салық кодексіне  мұнай экспортына  ренталық салық салу жөнінде өзгерістер енгізу жөніндегі  заң жобасы  Мәжіліске ұсынылды

ҚР салық кодексіне мұнай экспортына ренталық салық салу жөнінде өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы Мәжіліске ұсынылды

ҚР үкіметі ҚР салық Кодексінің мұнай операцияларына салық салу жөніндегі бөліміне шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салу туралы өзгертулер енгізу жөніндегі заң жобасын мәжіліске ұсынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қараша 2003
  • 1233
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының салық мәселесіне қатысты кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасы ҚР үкімет басшысының 2003-жылғы 14 және 15-мамырдағы бұйрығына сәйкес жасалған. Ол мұнай операцияларына салық салу жайын жетілдіру, жылжымайтын активтердің амортизациялық шығындарын есептеу әдістерін жетілдіру, негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығындарды салық салу базасына қамтымау және резидент еместерге салық салу мәселесін реттеу, салық әкімшілігіне қатысты мәселелерді реттеу, сондай-ақ, Салық Кодексінің жекелеген ережелерін нақтылау мақсатын көздейді.

Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, экспортқа шығарылатын мұнайға ренталық салық салу жөніндегі өзгеріс мұнай операцияларынан мемлекетке қосымша кіріс кіргізу және мұнайгаз секторына салынатын салық жүктемесін ұлғайту үшін енгізіліп отыр. Экспортқа шығарылатын мұнайға ренталық салық салу мемлекеттік бюджетке құйылатын тұрақты кіріс көзін қалыптастырумен бірге, трансферттік баға белгілеу мәселесін шешуді, сондай-ақ, салық әкімшілігінің қарапайымдығын қамтамасыз етеді.
Экспорттық мұнайға салынатын ренталық салықты есептеу базасы ретінде іс жүзінде шетелдерде сатылатын мұнай көлемі мен рыноктағы бағаға сәйкес экспортталатын мұнайдың құны алынады. Бұл орайда мұнайдың сапалық сипаттамалары мен оны сатуға қатысты шығындар алып тасталады.
Алдын-ала болжам бойынша экспорттық мұнайға ренталық салық салуды қолданысқа енгізіп, нарықтағы бағаға сәйкес роялти ставкаларын өзгерткен жағдайда ірі мұнай кенішін 40 жыл бойы игеру барысында түсетін жалпы кіріс көлемі мынадай көлемде өзгереді деп күтілуде : бір баррель мұнайдың бағасы 20 долларды құраған жағдайда орта есеппен 18 процентке (экспорттық мұнайға салынатын ренталық салық ставкасы — 4%), ал бір баррель мұнайдың бағасы 25 долларды құраған жағдайда тиісінше 48 процентке (экспорттық мұнайға салынатын ренталық салық ставкасы 16%) артады.