Жарияланды: 440

ҚР СІМ еліміздегі АҚШ елшісімен кездесуде осы елдің қорғаныс министрі Д.Рамсфельдтің Қазақстанға жасайтын сапарының егжей-тегжейі туралы талқылады

ҚР СІМ еліміздегі АҚШ елшісімен кездесуде осы елдің қорғаныс министрі Д.Рамсфельдтің Қазақстанға жасайтын сапарының егжей-тегжейі туралы талқылады

Кеше, 23-ақпанда ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев еліміздегі АҚШ елшісі Ларри Нэпперді қабылдады. Дипломаттар Америка Құрама Штаттарының қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдтің Қазастанға жасайтын ресми сапарының егжей-тегжейін талқылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар барысында екі ел өкілдері әскери-саяси мәселелер бойынша өзара пікір алмасады деп күтілуде. ҚР СІМ мен АҚШ елшісінің кездесуінде екі жақты ықпалдастыққа қатысты өзекті мәселелер де сарапқа салынды. Кеше сондай-ақ, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев ҚХР-ның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Сяопэймен жүздесті. Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы Қытай сапарына қатысты мәселелерді тілге тиек етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін