ҚР СІМ Камбоджада зардап шеккен қазақстандық әйелге көмек бермекші - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Камбоджада зардап шеккен қазақстандық әйелге көмек бермекші

ҚР СІМ Камбоджада зардап шеккен қазақстандық әйелге көмек бермекші

ҚР сыртқы істер министрлігі Камбоджаға туристік сапар кезінде зардап шеккен қазақстандық Лариса Шамоваға қажет көмекті көрсетпекші.

  • 8 Шiлде 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

«СІМ ол турист әйелге көмек көрсету мәселесін, оның ішінде қаржылық көмек көрсету мәселесін қарастыруда», — деді СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров жұма күні ҚазТАГ тілшісіне.

Бұрын хабарланғандай, 48 жасар әйел өз бетінше Капмбоджаға туристік сапар барысында жарақаттанды. Куәлардың айтуынша, ол храмға шығып бара жатып, 7 м биіктіктен құлап түскен.

«Ол үшінші дәрежедегі комада… ол, адам өлім мен өмір арасында жатыр деген сөз. Адам көзін ашатын шығар деген үміт әр кез болады», — деді оның серіктесі Елена Мартынова.

Жергілікті ауруханада емделу өте қымбат. Қазір Ларисаның әріптестері мен жақындары оның емделуіне және Қазақстанға жеткізуге қажет қаражат іздестіруде.

«Бүгінгі таңға бізге 32,7 мың доллар сомадағы шот тапсырылды. 14 мың долларлық сақтандыру бұл шығынды жаба алмайды», — дейді оның әріптестері.

Одан басқа, олардың айтуынша, жасанды тыныс алу жүйесіне қосылған әйелді тасымалдау үшін 100 еуро қаражат керек.

Лариса жұмыс істейтін компания банктен шот ашып, қаражат жинауды бастады. Олармен 87272 62-89-97 телефоны арқылы байланысуға болады.

Соңғы жаңалықтар