ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

Талғат Жұмағұлов ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ б

  • 19 Сәуiр 2017
  • 255
Фото - Caravan.kz

Талғат Жұмағұлов ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылғы 18 сәуірде Жұмағұлов Талғат Маратұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", — деді баспасөз қызметіндегілер.

Талғат Жұмағұлов Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін және Гарвард университетінің (АҚШ) магистратурасын бітірген. Әр жылдары ол Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Қазақстанның Израильдегі Елшілігінде, ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін ол ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.


 

Соңғы жаңалықтар