ҚР СІМ мәлімдемесі: Қазақстан Сирияда химиялық қару қолданылуы актісін тағы да батыл айыптайды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ мәлімдемесі: Қазақстан Сирияда химиялық қару қолданылуы актісін тағы да батыл айыптайды

ҚР СІМ мәлімдемесі: Қазақстан Сирияда химиялық қару қолданылуы актісін тағы да батыл айыптайды

Қазақстан БҰҰ Миссиясының тәуелсіз тексеруінің қорытындылары бойынша анықталған Сирияда химиялық қару қолданылуы актісін тағы да батыл айыптайды және мұны адамзатқа қарсы қылмыс ретінде бағалайды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 347
Фото - Caravan.kz

Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия бойынша қабылданған осы елде химиялық қаруды жою және бұл үдеріске ұдайы тексеру жасау жөніндегі келісілген шешімін бұлжытпай орындауды көздейтін қарарын қолдаймыз.

Сирияның химиялық қаруды жасауға, жинақтауға және қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияға қосылуы және мұндай қаруды оның қайтадан қолданылуы мүмкіндігін болдырмайтын халықаралық бақылауға беру Сириядағы созылып келе жатқан қантөгісті жанжалды тоқтатуға бағытталған пәрменді қадам болады деп сенім білдіреміз.

Қазақстан халықаралық қоғамдастықты және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін ғаламшарды жаппай қырып-жоятын қарулардың барлық түрінен құтқару мақсатына қарай ілгері жылжу жөніндегі жүйелі шараларды қолға алуға тағы да шақырады.


Біз Сирияның саяси болашағын диалог және татуласу жолымен айқындау және зомбылықты тоқтату мақсатында Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі халықаралық конференцияны тезірек өткізуді жақтаймыз.