ҚР СІМ мен Жапония елшілігі "Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаға Жапониядан грант тарту туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ мен Жапония елшілігі "Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаға Жапониядан грант тарту туралы келісімге қол қойды

ҚР СІМ мен Жапония елшілігі "Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаға Жапониядан грант тарту туралы келісімге қол қойды

Бүгін, 5-қарашада Астанада ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки "Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету" жөніндегі жобаға Жапониядан грант тарту туралы Қазақстан және Жапония үкіметтерінің арасында нота алмастыру түріндегі келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 5 Қараша 2003
  • 810
Фото - Caravan.kz

Аталмыш жобаны жүзеге асырудағы басты мақсат — сол аймақтағы ауыл тұрғындарының денсаулығы мен әлеуметтік-экономикалық тіршілік жағдайын жақсарту болып табылады.

Жоба бойынша су жинағыш жаңа нысандар салу, барлығы 38 мың тұрғыны бар Солтүстік Қазақстан облысындағы 9, Ақмола облысындағы 6 елді мекенге дейін су таратқыш нысандар салу, сондай-ақ, осы елден әкелінетін арнайы жабдықтарды іске қосып пайдаланатын қазақстандық мамандарды оқыту көзделген. Жобаны үйлестіруші және жүзеге асырушы уәкілетті орган болып ҚР ауылшаруашылығы министрлігі бекітілді.
Сондай-ақ, бүгін Қ.Тоқаев Қазақстандағы елшілік қызметтерді қоса атқаратын Ирландия елшісі Джанстин Харман және Исландия елшісі Бенедикт Йенсон мырзаларды қабылдады. Кездесулер барысында жоғарғы деңгейдегі екі жақты саяси байланыстардың негізін қалап нығайту, халықаралық деңгейдегі ықпалдастықты пәрмендендіру, елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелері сарапқа салынды.

Соңғы жаңалықтар