ҚР СІМ Сан-Антонио қаласының әйел тұрғынын өлтіруге атсалысты деп айыпталған Қазақстан азаматшасы үшін жеке адвокат жалдау мүмкіндіктерін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Сан-Антонио қаласының  әйел тұрғынын өлтіруге атсалысты деп айыпталған Қазақстан азаматшасы үшін  жеке адвокат жалдау мүмкіндіктерін қарастыруда

ҚР СІМ Сан-Антонио қаласының әйел тұрғынын өлтіруге атсалысты деп айыпталған Қазақстан азаматшасы үшін жеке адвокат жалдау мүмкіндіктерін қарастыруда

ҚР СІМ Сан-Антонио қаласының әйел тұрғынын өлтіруге атсалысты деп айыпталған Қазақстан азаматшасы Әсел Әбдіғаппарова үшін жеке адвокат жалдау мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы бүгін, 10-қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаев хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 564
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін елшіліктің консулдық бөлімі мен АҚШ мемлекеттік департаментінің ықпал жасауы арқылы Техас штаты губернаторының кеңсесі Әсел Әбдіғаппарова үшін мемлекеттік қорғаушы тағайындаған.

Уәлихан Қоңырбаевтың хабарлауынша сондай-ақ, 29 жастағы Әсел БАҚ-тарда жарияланғанындай, «Болашақ» бағдарламасы бойынша емес, өз бетімен мұхит асқан. Ол 2001-жылдың маусым айында тұтқындалды. Оған кісі өлтіруге атсалысу және адам ұрлау жөніндегі екі бап бойынша айып тағылған. Әсел Әбдіғаппарова қазір Техас штатындағы абақтылардың бірінде қамауда отыр. Осы штаттың заңдарына сәйкес аталмыш екі бап бойынша оған өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы жүктелуі тиіс. Ал қылмысқа қатысушы Рамон Фернандес және Сантос Минарес есімді басқа екі қылмыскерге сот өлім жазасын қолдану туралы үкім шығарды. Ал Әселдің ісіне қатысты кезекті сот мәжілісі 2004-жылдың қаңтар айында өтеді.
Уәлихан Қоңырбаевтың айтуынша, Қазақстан жағы АҚШ-тың барлық құқық қорғау органдары мен осы елдің Қазақстандағы елшілігіне нота жолдап, онда Әсел Әбдіғаппарованың жасы мен 8 және 2 жасар екі баласы бар екенін ескеріп ізгілік танытуды өтінді.

Соңғы жаңалықтар