ҚР сыртқы істер министрі ресми сапармен Ұлыбританияда жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрі ресми сапармен Ұлыбританияда жүр

ҚР сыртқы істер министрі ресми сапармен Ұлыбританияда жүр

2003-жылдың 27-қазанында ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың Ұлыбританияға сапары басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 28 Қазан 2003
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл сапар келесі жылдың алғашқы жартысына жоспарланған Қазақстан-Ұлыбританиялық жоғарғы деңгейдегі кездесуге дайындық ретінде жүзеге асырылып отыр,- деп хабарлайды СІМ. Еліміздің сыртқы саясат мекемесінің жетекшісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания үкімет басшысы Тони Блэрге жіберген жолдауын табыс етті.

Сапар бағдарламасы бойынша осы елдің сыртқы істер министрі Дж.Стро, консерваторлар партиясы жетекшісінің орынбасары М.Анкрам, ханзада Кентский, Ұлыбританиялық парламентшілер тәрізді ресми тұлғалармен келіссөздер жүргізіп кездесулер өткізу, сондай-ақ, халықаралық қатынастар жөніндегі Корольдық институтта Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты баяндама жасау көзделген.
Қ.Тоқаев Елбасы Н.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабының тұсаукесерінде сөз сөйлеп, Ұлыбританияның іскерлік және БАҚ өкілдерімен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар