ҚР Сыртқы істер министрі Женевадағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сессиясының жоғары деңгейдегі бөліміне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Сыртқы істер министрі Женевадағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сессиясының жоғары деңгейдегі бөліміне қатысады

ҚР Сыртқы істер министрі Женевадағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сессиясының жоғары деңгейдегі бөліміне қатысады

Астана. 3-наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Женевадағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 7-ші сессиясының жоғары деңгейдегі бөліміне қатысады. Бұл туралы сенбі күні өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 3 Наурыз 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Наурыздың 3-мен 5-і аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Женеваға барады. Ол БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 7-ші сессиясының жоғары деңгейдегі бөлімінде, БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясының жалпы отырысында сөз сөйлейді», — деді Е. Ашықбаев.

Сонымен бірге, Сыртқы істер министрлігінің өкілі сапар барысында М. Тәжиннің БҰҰ Еуропа бөлімінің бас директоры Сергей Орджаникидземен, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Луиза Арбурмен, ДСҰ-ның бас директоры Паскаль Ламимен, Люксембургтың премьер-министрінің орынбасары әрі сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен, сондай-ақ, Словакияның сыртқы істер министрі Ян Кубишпен екі жақты кездесулері жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті