ҚР сыртқы істер министрлігінің сарапшылары мен Қазақстан стратегиялық зерттеулер интитуты бірлесіп Каспийдегіі ахуалды тұрақтандыруға қатысты коммюнике жобасын жасауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрлігінің сарапшылары мен Қазақстан стратегиялық зерттеулер интитуты бірлесіп Каспийдегіі ахуалды тұрақтандыруға қатысты коммюнике жобасын жасауға кірісті

ҚР сыртқы істер министрлігінің сарапшылары мен Қазақстан стратегиялық зерттеулер интитуты бірлесіп Каспийдегіі ахуалды тұрақтандыруға қатысты коммюнике жобасын жасауға кірісті

ҚР сыртқы істер министрлігінің сарапшылары мен Қазақстан президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер интитуты бірлесіп Каспийдегіі ахуалды тұрақтандыруға қатысты болашақ халықаралық коммюникенің жобасын жасауға кірісті . Бұл туралы бүгін, 17-маусымда қауіпсіздік және аймақтық ынтымақтастық мәселесі бойынша жыл сайын өткізілетін бірінші Алматы конференциясында сөйлеген сөзінде Қазақстан президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер интитутының директоры Мәулен Әшімбаев хабарлады.

  • 17 Маусым 2003
  • 606
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, коммюникенің мақсаты- Каспий аймағында қарулануға жол бермеу, теңіздің құқықтық мәртебесі дәйектелгенге дейін өңірде тұрақтылықты сақтау болып табылады. Осы орайда М.Әшімбаев бұл келісімге тек Каспийді қоршаған мемлекеттер ғана емес, сондай-ақ, «Каспийге қатысты ойынға » байланысы бар АҚШ пен Еуропа да, осы өңірде мүддесі бар басқа барлық мемлекеттер де қатыстырылуы тиіс деп атап көрсетті. Ондай елдер қатарына осы өңірде мұнай және газ өндіретін, Каспий мұнайын сатып алатын, мұнайды әлемдік рынокқа шығару тұрғысынан Каспий аймағымен бәсекелес мемлекеттер қамтылады деді М.Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар