«»Қазахтелекомның» IP-телефония операторларының трафигін өткізу қызметінің тарифі кеше ғана бекітілді. Тариф 1 минутына 2,15 теңге болып бекітілді», — деді Б. Сағынтаев.
«Біздің пайымдауымызша, бұл шешім біріншіден, IP-телефония операторларының құқықтық аяда жұмыс істей бастауына түрткі болумен бірге, екінші жағынан халықаралдық байланыс саласында нақты бәсекелестік туындайды», — деді ол.
Б. Сағынтаевтың айтуынша, нәтижесінде «халықаралық байланыс құны арзандайды».
«Біз IP-телефония операторларымен сұхбаттастық, олар ең жоғары тариф бір минутына 20 — 30 теңге болады деп отыр», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті