Оның айтуынша, апаттан зардап шеккендердің бәрі де жан сақтау бөлімінен басқа бөлімдерге ауыстырылды. Облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жағдайы да оңала бастады. Өңір басшысы көптеген жарақаттармен, миы шайқалып ауруханаға түскен болатын. Б. Жүсіпов өзінің дәрігерлермен бірге «облыс әкімі бір аптадан кейін ауруханадан шығады деп сенетінін» атап өтті.
Тікұшақ ұшқышы Виталий Глазунов пен облыс әкімінің баспасөз қызметінің телетүсірушісі Оңғар Саймасаевтың ахуалына да дәрігерлер алаңдамайтын болды, бірақ олар ауыр жағдайдан енді ғана оңала бастағанымен, дәрігерлердің кеше өткен кеңесі оларды «Жалағаш ауылының аудандық ауруханасынан тасымалдауға әзірге болмайды» деген тұжырым жасады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазавиаспас» мекемесіне қарасты МИ-8 тікұшағы (борт саны 25001) Жалағаш ауылында (Қызылордадан 75 шақырым жерде) 28 ақпанда Сырдария өзенінің арнасын бойлай ұшу барысында апатқа ұшыраған. Апатқа ұшыраған ТЖМ ұшағының бортында 18 адам болған, олардың арасында облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед те бар. Апат салдарынан Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сағитжан Бірмағанбетов, тікұшақтың екінші пилоты Ғалым Нұрмағамбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Қазбек Төреманов, ҚР ТЖМ полковнигі Нұрлан Құмаров пен тікұшақтың ұшқышы — экипаж командирі Фахрадин Оңғарбаев қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті