ҚР үкімет басшысы "Эйр Астана" әуе компаниясының даму қарқынына қанағаттанарлық баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы "Эйр Астана" әуе компаниясының даму қарқынына қанағаттанарлық баға берді

ҚР үкімет басшысы "Эйр Астана" әуе компаниясының даму қарқынына қанағаттанарлық баға берді

Бүгін, 2-қазанда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Британияның BAE Systems компаниясының атқарушы директоры Рольф Румен кездесті,- деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

  • 3 Қазан 2003
  • 552
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар «Эйр Астана» әуе компаниясының бұдан былайғы даму жолдары мен жұмыс қорытындысына қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Әуе компаниясы ішкі және халықаралық әуе тасымалын халықаралық стандартқа сәйкес ұдайы қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндетін ойдағыдай атқарып отырғанын айтқан Д.Ахметов «Эйр Астана» әуе компаниясының даму қарқынына қанағаттанарлық баға берді.
Өз кезегінде, кездесуге қатысушы компания басшылығы Қазақстан үкімет басшысына әуе компаниясының болашақ жоспарлары туралы хабарлама жасады. Атап айтсақ, алдағы қысқы навигация барысында компанияның әуе көліктерінің паркі Бойнг-757-200 үлгілі екі ұшақпен толығумен бірге «Эйр Астана» әуе компаниясы ішкі және халықаралық рейстер санын арттыра түсетіндігі туралы ақпарат берілді.
«Эйр Астана» әуе компаниясы 51 процент акциясы ҚР үкіметінің, 49 проценті BAE Systems Ltd компаниясының иелігіндегі бірлескен кәсіпорын болып табылады.

Соңғы жаңалықтар