Жарияланды: 560

ҚР үкімет басшысы энергетика және минералды ресурстар министрлігі қайтадан құрылып, мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі пайда болады деген қауесетті жоққа шығарды

Бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов энергетика және минералды ресурстар министрлігі қайтадан құрылып, мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі пайда болады деген қауесетті жоққа шығарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Әзірге ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің құрылымын өзгертуге қажеттілік туындай қойған жоқ",- деп мәлімдеді үкімет басшысы. "Өз басым, мемлекеттік құрылымдар төрт аяғын тең басып, орнығуы тиіс деген консервативтік көзқарасты қолдаймын",- деді премьер-министр. Дейтұрғанмен, Д.Ахметов "мұнай өндіру көлемі артып, мұнай өңдеу саласы дамыған кезеңде дербес мұнай және газ министрлігін құру қажеттілігі туындауы ықтималдығын" жоққа шығармайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін