ҚР үкіметі 2 айдың ішінде инновациялық қорды агенттік түрінде қайта құру туралы қаулы қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі 2 айдың ішінде инновациялық қорды агенттік түрінде қайта құру туралы қаулы қабылдайды

ҚР үкіметі 2 айдың ішінде инновациялық қорды агенттік түрінде қайта құру туралы қаулы қабылдайды

Қазақстан үкіметі 2 айдың ішінде ұлттық инновациялық қорды (ҰИҚ) технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік қылып қайта құру туралы қаулы қабылдайды, деп мәлім етті ақпаратқа қанық дереккөз.

  • 1 Маусым 2011
  • 555
Фото - Caravan.kz

«ҚР үкіметінің ҰИҚ-ты қайта құру туралы қаулысы 2 айдың ішінде қабылданады деп күтіліп отыр. Бұл жерде қазіргі қордың базасында индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне (ИЖТМ) бағынатын жаңа агенттік құру туралы айтылып отыр», — деп мәлім етті агенттікке ИЖТМ-тегі дереккөз сәрсенбі күні телефон арқылы.

Оның ақпаратына сәйкес, бұған дейін ИЖТМ кеңестерінде 2011 жылдың күзіне қарай жаңа агенттік пайда болатыны туралы айтылып келді. Дереккөз бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік сияқты мемлекеттік агенттік құру туралы айтылып отырмағанын ерекше атап көрсетті.

«Жаңа агенттік инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының функционалын орындап, экспортты дамыту жөніндегі агенттік (Kaznex – ҚазТАГ) сияқты жұмыс істейді», — деп толықтырды дереккөз.

Еске сала кетейік, сейсенбі күні Алматыда «ҰИҚ» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов қордың жақында агенттік болып қайта құрылатыны туралы мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, ҚР-дағы инновациялық процестерді үйлестіру үшін бірыңғай оператор құру туралы 2010 жылы айтылған.

«Агенттікті құру арқылы ескі кәсіпорын (ҰИҚ) оңтайландырылып, штаты қысқартылады, бірақ құрылымның функционалдық қызметі 50-60%-ға артады», — деген еді А. Құлсейітов «дөңгелек үстел» отырысында.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ ҚР үкіметінің қаулысымен 2003 жылы жарғылық капиталына 100% мемлекеттің қатысуымен құрылды. Акционерлері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ. 2009 жылы қор ИЖТМ-нің сенімді басқаруына берілді.

Соңғы жаңалықтар