ҚР үкіметі зейнеткерлік жасты төмендетуді көздемейді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі зейнеткерлік жасты төмендетуді көздемейді

ҚР үкіметі зейнеткерлік жасты төмендетуді көздемейді

Семей. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі зейнеткерлікке шығатын жасты азайтуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Семей қаласында халықпен жүздесу кезінде Қазақстан Республикасының қаржы министрі Болат Жәмішев хабарлады.

  • 26 Қараша 2007
  • 612
Фото - Caravan.kz

«Зейнет демалысына шығатын жасты қысқарту бойынша үкіметте еш жоспар жоқ. Себебі, бұл зейнетақы жинақтау жүйесімен еш қабыспайды», — деді Б. Жәмішев.

«Зейнеткерлік жасын азайту адамдардың зейнетақы жинақтау қорында зейнетақы жинақтауы үшін мүмкіндік азаяды дегенді білдіреді… Мен бұл жерде зейнеткерлікке шығатын кезіндегі әл-ауқаты зейнетақы қорына қалай қатысқанына және онда қандай қаржы жинақтағанына тәуелді болатын адамдар үшін айтып тұрмын», — деп түсіндірді министр.

«Егер зейнеткерлікке ерте шығуға мүмкіндік беретіндей қаржы жеткілікті жинақталатын болса, ол адамдар өздері-ақ зейнеткерлікке ерте шығады. Ал жалпы алғанда, бұл жас мөлшері бұрынғысымен қалады. Ер адамдарға 63, ал әйелдерге 58 жас», — деп сөзін аяқтады қаржы министрі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті