Жарияланды: 700

ҚР ҰҚК Академиясында жас лейтенанттарды шығарып салу салтанатты жиыны өтті

Бүгін ҚР ҰҚК Академиясында жас лейтенанттарды шығарып салу салтанатты жиыны өтті,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының тарихы 1974 жылы Алматы қаласында «КСРО МҚК басшы және оперативтік құрамын жетілдіру курстары» құрылған кезден басталады. 1994 жылдың 26 қаңтарында Министрлер Кабинетінің қаулысымен ҰҚК Жоғары курстары базасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институты құрылды. Ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрлар даярлау мәселесінің мемлекеттік деңгейдегі сұранысына орай 1999 жылдың 6 мамырына ҰҚК Институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен ҰҚК Академиясы болып қайта құрылды. Академия ұлттық қауіпсіздік органдары үшін мамандар даярлауды жүзеге асырады. Басшы және оперативтік құрамның біліктілігін арттырып, қайта даярлауды жүргізеді. 81 түлегіміз «лейтенант» алғашқы офицер шенін және ҚР ҰҚК Академиясын бітіргендігі жөнінде диплом алады. Олардың 14-і үздік дипломмен бітіріп отыр. Жас офицерлер тиісті демалысынан кейін жолдама берілген болашақ қызмет орыңдарына бет алады. Мерекелік шараны ҚР ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев ашып, жас лейтенанттарға Тәуелсіз Қазақстанның киелі топырағын қастерлеп, Отанға адал қызмет етіңіздер деп жүрек жарды тілегін білдіріп, үздік деп танылғандарға алғашқы лейтенант әскери шенін салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар, салтанатты жиынға ҚР ҰҚК басшылығы, ұлттық қауіпсіздік оргаңдарының және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен түлектеріміздің ата-аналары қатысты. Мерекелік іс-шара Академия өнерпаздарының арнайы дайындаған концертімен жалғасты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін