ҚР жолдағы апаттан төрт адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР жолдағы  апаттан төрт адам қаза болды

ҚР жолдағы апаттан төрт адам қаза болды

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Елімізде кеше жолдағы апаттан төрт адам қаза болды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Наурыз 2008
  • 356
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, Алматы облысында Алматы — Бішкек жол трассасында 11 наурызда 21 сағат 50 минутта «Ауди» көлігімен қақтығысынан «Субару» жеңіл көлігі қатар жүріп бара жатқан «Вольво» жүк көлігіне ұрынды. «Жол апаты салдарынан «Субару» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, оның көлігінде отырған 25-30 жастағы әйел, «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», — деп түсіндірді министрліктегілер.

Сонымен қатар, Қарағанды облысында Жезқазған-Қарағанды жол трассасында 11 наурызда сағат 23-те «RVR» көлігінің жүргізушісі «Мерседес» көлігімен соқтығысты. Жол көлік апаты салдарынан «RVR» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Мерседес» көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті