ҚР-дың құрылыс саласындағы баға І жарты жылда 3%-ға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР-дың құрылыс саласындағы баға І жарты жылда 3%-ға өсті

ҚР-дың құрылыс саласындағы баға І жарты жылда 3%-ға өсті

Қазақстанның құрылыс саласындағы баға І жарты жылда 3%-ға өсті, деп хабарлайды жұма күні ҚР статистика агенттігі.

  • 8 Шiлде 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

Статистика мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2011 жылдың маусым айында құрылыс-монтаж жұмыстарының бағасы 3,1%-ға, машиналар мен жабдықтар 3,7%-ға, басқа жұмыстар мен шығындар 2,2%-ға қымбаттады.

Құрылыс ұйымдары сатып алған материалдардың, бөлшектер мен конструкциялардың бағалары I жарты жылдықта 0,8%-ға қымбаттаған. Құрастырмалы болат конструкциялар 6,2%-ға, портланд цемент – 2,2%-ға, құрылыстық құм – 1,8%-ға, ағаш-талтықты тақталар — 1,7%-ға, гипсокартон – 1,5%-ға, олифа 1,4%-ға қымбаттаған.

Сонымен бірге, суық асфальт-бетон 1,3%-ға, құрылыс жұмыстарына арналған гипс пен жабын және бөгет жасауға арналған қуысты плиталар 0,5%-ға, өңдеу ерітінділері 0,1%-ға арзандаған.

Соңғы жаңалықтар