«Қазақстан территориясында Talgo поездары бізде сағатына 140 км жылдамдықпен жүреді. Қазір ол жылдамдықты 200 км/сағ-қа жеткізу міндеті қойылып отыр», — деді ол бейсенбі күні техникалық регламент мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында.
Бұл жолаушылар тасымалдайтын поезд Астана мен Алматы арасында мың шақырымнан астам қашықтықты 13 сағатта жүріп өтеді.