«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Ақтөбе облысында вагондардың жолдан шығып кету себебін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Ақтөбе облысында вагондардың жолдан шығып кету себебін айтты

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Ақтөбе облысында вагондардың жолдан шығып кету себебін айтты

Ақтөбе жол бөлімшесіндегі Қандыағаш-Жем теліміндегі №2908 жүк пойызымен болған апатты жағдайға байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы  комиссиясының хабарлауынша,

  • 31 Шiлде 2015
  • 643
Фото - Caravan.kz

апат жекеменшік иесі вагонының ақаулы болуынан орын алған. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Болған апаттың барлық шығыны жекеменшік вагон иесінен өтеп алынатын  болады.

Қазіргі кезде жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Апат салдарынан 9 жолаушылар пойыздары кестеден кешікті. Олар тәулік ішінде белгіленген кестеге сәйкестеледі.

Еске  сала кетейік,  кеше 15 сағат 20 минутта Ақтөбе темір жол бөлімшесінің Қандыағаш-Жем теліміндегі Құдық-Жем қума жолында №2908 жүк пойызының 20 вагоны, оның ішінде бензин тиелген 16 вагоны вагоны жолдан
шығып кеткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар