"Қуандым дей алмаймын": Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін күтіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қуандым дей алмаймын": Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін күтіп жүр

"Қуандым дей алмаймын": Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін күтіп жүр

 

  • 27 Тамыз 2021
  • 126
Фото - Caravan.kz

Актриса Айнұр Ілиясова қуанышты хабармен бөлісті. Ол үшінші сәбиін күтіп жүргенін растады, деп хабарлайды Caravan.kz  порталы Stan.kz. -ке сілтеме жасап.

"Белімнің қайда кеткені барлығын қызықтырып жүр еді. Бар құпиясы осында. Күйеуіме рақмет. Сіздерге де жұғысты болсын, сол үшін Аумин деп қойыңыздар", — деп Instagram-дағы оқырмандарынан сүйінші сұрады Айнұр.

Екі қыз тәрбиелеп отырған актриса бұл жүктілікті жоспарламағанын ашық айтты. Тіпті, сәбилі болатынын білген сәтте қуанбағанын, керісінше, уайымға салынғанын жасырмады. 

"Алғашқы екі жүктілігімді жоспарлап, тыңғылықты түрде дайындалдым. Ал бұл жолы басыма осындай іс түсті. Косметологқа барып, түрлі процедураларды жасап жүргенімде ол етеккірдің кешігуі жайлы сұрады. Мен жоққа шығарып, мүмкін емес дей бердім.  Ақыры тест жасадым. Сол кездегі түрімді көрсеңіздер ғой", — дейді Ілиясова. 

Айнұр 2016 жылы алғаш рет ана атанған. Екінші қызын 2019-да босанған актриса әлі кішкентай балаларын уайымдағанын айтады. 

"Шынымды айтайын, қуаныштан секірдім немесе бақыттан басым айналды дей алмаймын. Алғашқы реакциям: "Менің балаларым кішкентай ғой, о жоқ", — дедім.

Қолымнан келе ме? Онсыз да күнде көзім дірілдейді. Әрқайсысына көңіл бөлу керек. Күйеуім, жұмысым, жеке жұмыстарым бар", — деп ағынан жарылды Ілиясова.


 

 Айнұр ес жиюға, болған жайтты қабылдауға бірнеше күн кеткенін айтады. 

"Жаратқанға, Әлемге солай ыңғайлы болса, демек солай болуы керек. Гинекологқа барып, жүктілігімнің бақытты өтуін ойладым. Содан басталды…" — деп әңгімесін қызықты жерінде аяқтаған Айнұр жалғасын келесі жолы жазуға уәде берді. 

 

Соңғы жаңалықтар