Қуат «Найман» Хамитов Магомедсайгид Алибековпен Қазақстанда кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуат «Найман» Хамитов Магомедсайгид Алибековпен Қазақстанда кездеседі

Қуат «Найман» Хамитов Магомедсайгид Алибековпен Қазақстанда кездеседі

Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев ресейлік Магомедсайгид Алибеков пен қазақстандық Қуат Хамитовтың арасында матч-реванш болуы

  • 26 Сәуiр 2017
  • 358
Фото - Caravan.kz

Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев ресейлік Магомедсайгид Алибеков пен қазақстандық Қуат Хамитовтың арасында матч-реванш болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған baq.kz.

«Біріншіден, реванш әрқашан қызық болады. Бірақ чемпион мен кешегі үміткердің арасында дереу реванш өткізу мүмкін емес. Бүгінде Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегінде жеңілісі бар. Fight Nights қабылдаған спорттық заңнама мен техникалық ережелер бойынша ол белбеу үшін таласа алады», — деді ол реванш жайлы.

Сондай-ақ, оның пікірінше, Хамитов соңғы жекпе-жегінде жеңілді.

«Алибеков — Хамитов жекпе-жегі шын мәнінде тең болды және шешілмеген мәселелер қалып қойды. Бұл индустрия үшін жақсы. Олардың тағы да кездесетініне сенімдімін. Себебі, бастапқы тарихы бар, үлкен жекпе-жектер тарихтан құралады. Басты жекпе-жегі осы екеуінің арасында өтетін турнир Қазақстанда өтеді деуге негіз бар. Бірақ осы салмақта Хамитовтың қарсыласы көп. Басқа жігіттер де оның қызығушылығын туғызуы мүмкін», — деп ой бөлісті Гаджиев.

Айта кетейік, Владивостокта өткен Fight Nights Global 63 турнирінің басты жекпе-жегінде отандасымыз ресейлік Магомедсайгид Алибековпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілген. Жекпе-жек жоспарланғандай барлық бес раундқа созылды. Нәтижесінде Алибеков 49-47, 47-47, 49-45 есебімен айласын асырып кетті. Айта кетейік, бұл Қуат Хамитовтың Fight Nights Global ұйымында өткізіп отырған екінші жекпе-жегі. Ал кейін жеңіліс тапқан Қуат Хамитов төрешілердің шешіміне қарсы шықты.


Соңғы жаңалықтар