"Құдай ондай болудан сақтасын": Айсәуле Бақытбек әкесінің босап шығуына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдай ондай болудан сақтасын": Айсәуле Бақытбек әкесінің босап шығуына қатысты пікір білдірді

"Құдай ондай болудан сақтасын": Айсәуле Бақытбек әкесінің босап шығуына қатысты пікір білдірді

Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевтың түрмеден босап шығуына байланысты өз пікірін білдірді.

  • 29 Шiлде 2022
  • 4892
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол оқырманы сұраған сауалға жауап беру арқылы жауап берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Кеше Бақытбек Есентаев түрмеден босап шықты. Ол 2016 жылы 9 жылға сотталып, мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берген болатын. Сот оның тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескеріп, босату туралы өтінішті мақұлдады.

Есентаевты оның туған қарындасы мен достары күтіп алды. Алайда ол жерден Бақытбек Есентаевтың қыздарын көру мүмкін болмады.

Айсәуле Бақытбекке оқырманы "Неге пост салмайсыз? Әкеңіздің босап шыққаны туралы жазбайсыз ба?" деген сұрағанына Айсәлуе былай деп жауап берді:


"Не жазуым керек? Жұрттың, мүлдем танымайтын адамдардың қызығушылығын арттыру үшін бе? "Ол қандай жақсы қыз" деп жазуыңыз үшін бе? Менің өмірім мінсіз емес екеніне рахаттансын деп пе? Әлде не үшін? Осындайдан хайп жасайтын адамдарды жек көремін. Құдай ондай болудан сақтасын! Рақмет, дүкенше жабық", — деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Соңғы жаңалықтар