"Құдайды жек көрдім, оны жоққа шығардым": Әсел Асқар ұлының қазасынан кейін қандай күйде болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдайды жек көрдім, оны жоққа шығардым": Әсел Асқар ұлының қазасынан кейін қандай күйде болғанын айтты

"Құдайды жек көрдім, оны жоққа шығардым": Әсел Асқар ұлының қазасынан кейін қандай күйде болғанын айтты

Актриса Әсел Асқар Айнұр Ілиясованың бағдарламасында ұлын жоғалтқан соң нендей сезімді бастан өткергенін баяндады.

  • 26 Қаңтар 2023
  • 364
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен Құдайды жек көрдім. Мен Оны жоққа шығардым. Кейін осылай жалғаса беретін болса бұл ашудың менің түбіме жететінін түсініп, өзім үшін Құдайды ақтап алуғы тырыстым. Маған жақындарым көмектесті. Қолымды бір сілтегім келген сәтте, анамды, сіңілім мен баламды ойладым. “Мен оларға қалай үлгі боламын?” деген ой келді. Ұлымнан айырылып қалған соң қорқыныштарымнан арылдым. Биіктен қатты қорқатынмын. Қазір мен үшін биіктіктен қарау, секіру түк емес”, – дейді Әсел.

Ол үлкен ұлының бауырының қазасын қалай қабылдағаны туралы айтты.

“Үлкен ұлым Аыстан Айбарыс жатқан жансақтау бөліміне келіп, бауырымен сөйлесетін. Мен оған “кел, көр” дедім.  Ол – ер бала, мен оны өбектеп отыра алмаймын. Ер балаларды аяушылық, жан ашу деген сезімдерге үйреу керек. Қазір көп ер адамдар қатал, көңіл білдіруді білмейді. Ал Арыстанға мен сенемін. Болған жағдайдан кейін мен бірнеше жасқа қартайсам, ол тез есейді. Жастай өлімнің не екенін білді, сезінді. Бауырын сағынып жүр. Бірақ, одан ештеңе жасырмаймын. Оған інісінің қайтып келмейтінін, Айбарыстың өзін қорғайтын періштеге айналғанын айтып, түсіндірдім”, – деді актриса.


Соңғы жаңалықтар