Құдайға құрбандыққа шалынған 227 баланың мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құдайға құрбандыққа шалынған 227 баланың мәйіті табылды

Құдайға құрбандыққа шалынған 227 баланың мәйіті табылды

Жүздеген құрбан болған балалардың қабірі табылды. Археологтар Перудан Лима қаласының солтүстігінде 227 баланың мәйіті бар қабірді тапты.

  • 11 Қыркүйек 2019
  • 89
Фото - Caravan.kz

Олардың бәрі құрбан болған балалардың мәйіті.

"Балалар чима мәдениетінің құдайларына құрбандыққа шалынған", — деді археолог Ферен Кастильо.

Ғалымдардың айтуынша, қазіргі уақытта бұл әлемдегі балаларжерленген еңүлкен орын, олардың жасы 4-тен 14 жасқа дейін. Болжам бойынша, бұл барлық қалдықтар табылған жоқ, мәйіттер әлдеқайда көп болуы мүмкін.

"Балалар жерленген бұл орын бақылауда емес. Біз қайда қазбасақ та, бір мәйіт табамыз", — деп қорытындылады Кастильо.

Наурызда Трухильо ұлттық университетінің ғалымдары Перудің солтүстігінде XV ғасырда салт-дәстүр бойынша құрбандық шалу кезінде өлтірілген балалар мен жануарлардың жаппай қабірінің табылғаны туралы мәліметтер жариялады.


2011 жылдан 2016 жылға дейін жүргізілген қазба жұмыстары кезінде шамамен 700 шаршы метр аумақта 140-тан астам баланың және 200-ден астам ламаның немесе альпаканың қалдықтары табылды. Балалардың арасында 5 пен 14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар болды.

Соңғы жаңалықтар